Ішіктерге арналған тоңазытқыш үшін 17 млн жұмсаған астаналық әйел жаға ұстатты

0

Астаналық дизайнер дәулетті тапсырыс берушінің аса қымбат тапсырысы жайлы баяндап берді. Елордалық бай-бағландар жекежайларының бір бөлмесін құны 17 миллион тұратын тон сақтайтын тоңазытқышқа айналдырған деп жазады NUR.KZ.

Үй интерьерін өзгертуді дәулетті астаналықтар жеке агенттікке тапсырған.

Басты талап жекежайда гардероб жасап қана қоймай, үй иесінің тондарың сақтайтын арнайы бөлме ұйымдастыру болған.

«Ішіктер бүлінбеуі үшін оларды белгілі бір температура мен ылғалдылықта сақтау керек. Ол үшін Италиядан арнайы тоңазыту құрылғылары жеткізілді. Шкаф мырышталған болаттан жасалды», — деді дизайнер.

3-4 ішік сақталатын бір ұяшықтың құны бес мың евро. Үй иесі 30-ға жуық ішіктерін сыйдыру үшін сондайдың сегізіне тапсырыс берген.

Нәтижесінде тоңазытқыштың құны 40 мың евроға шыққан. Теңгеге шаққанда бұл 17 миллионнан асады.

Дереккөз: kaz.nur.kz