Іші шықпаған: Бойжеткен өзінің жүкті екенін тоғызыншы айда білген (фото)

0

18 жастағы Шафран Хеффер жүктіліктің тоғызыншы айында екенін білгенде абдырап қалған. Бойжеткен осы уақытқа дейін өзінің екіқабат екенін білмеген. Себебі қыздың іші шықпаған, ол бұрынғыша спортпен де шұғылданып келген.

Іші шықпаған: Бойжеткен өзінің жүкті екенін тоғызыншы айда білген

Бұл туралы Stan.kz шетелдік Daily Record басылымына сілтеп хабарлайды.

Бала омыртқаға жақын орналасқандықтан, қыздың іші шықпаған. Мейірбике оны жылжытқан соң, қыздың іші аяқ астынан үлкейіп кеткен.

Хеффер өзінің жүкті екенін соңына дейін білмеген. Ішінде біртүрлі сызық пайда болғандықтан, анасы оған дәрігерге баруға кеңес берген. Сол кезде ғана ол аяғының ауыр екенін анықтап, алты аптадан кейін ұлын босанды.

Іші шықпаған: Бойжеткен өзінің жүкті екенін тоғызыншы айда білген

“Бұл бәріміз үшін тосынсый болды. Тіпті, анам да ішімдегі сызықты пигментті дақ деп ойлады. Сонда да тексерілгенім дұрыс деп шештім. Акушер бірнеше минут ішінде баланы теріс қаратты, содан кейін ішім үлкейіп кетті”, – деп еске алады жас ана.

Іштегі сызықтан бөлек, Хефферде жүктіліктің ешқандай белгілері болмаған. Ол бұрынғыша спортпен шұғылданып келген. Ал етеккірдің келмеуін ол препарат қабылдауына байланысты деп түсінген.
Мына сурет Шафран жүкті екенін білгенге дейін 6 күн бұрын түсірілген.

Іші шықпаған: Бойжеткен өзінің жүкті екенін тоғызыншы айда білген

“Шынымды айтсам, шок алдым. Ол кезде жасым 17-де еді. Күйзеліске түсіп, не істерімді білмедім. Бірақ кейін бұл жағдайды қабылдауым керектігін түсіндім. Қазір ұлым – менің өмірдегі басты махаббатым”, – дейді жас ана.

 

Источник: Stan.kz