“Іш киіммен жүрген”: Прокурор Салтанат Нүкенова өлтірілген күні нақты не болғанын айтып берді
Прокурордың айтуынша, кісі өлтірілген күні Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова Астанада концертте болған. Концерт кезінде Бишімбаев болмашы себеппен Нүкеновамен ұрыса бастаған. Концерттің аяқталуын күтпестен екеуі ғимараттан шығып, балағат сөздерін жалғастырып, Достық көшесі, 16 мекенжайында орналасқан «БАО» мейрамханасына жаяу барған. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Мейрамханада екеуі төрт бөтелке шарап ішіп, алкогольдік ішімдік ішіп отырып, әңгімелескен. Нүкенова Бишімбаевқа бұл қарым-қатынастан шаршағанын, одан кету туралы шешім қабылдағанын айтқан. Ол ағасына осы жайтты айтып, оның үйіне баратынын жазып, такси шақырмақ болған.
2023 жылы 9 қарашада сағат 00:30-да Бишімбаев пен Нүкенова алкогольдік ішімдік ішіп, мекемеден сыртқа шыққан. Бірақ Бишімбаев Нүкенованы үйіне ағасының үйіне жібермей, мейрамхана орналасқан ғимараттың аумағында болған. Ерлі-зайыптылар мәселені шешіп, мейрамханаға қайта оралған.
Екеуі сол күні сағат 2:15-те қайтадан асхана арқылы мейрамханаға көтеріліп, Нүкенова №1 VIP бөлмесіне барады. Бишімбаев барға бара жатып, бір бөтелке шарап алып, VIP бөлмеге кірген.
Осы кезде мейрамхана залында түнгі уақытта жөндеу жұмыстарын жүргізіп, мейрамхананың қабырғалары мен бағандарын сырлап жатқан жұмысшылар болған.
VIP бөлмеде спирттік ішімдік ішіп отырып, ерлі-зайыптылар қайтадан жанжалдасып, бір-біріне айқайлай бастаған. Бишімбаев Нүкенованы тағы да ұрып, балағаттай бастаған. Бишімбаев Нүкенованың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлап, оған сатып әперген заттары мен әшекейлерін міндет еткен.
Бұған ашуланған Нүкенова іш киімдері мен әшекейлерінен басқа барлық киімдерін шешіп, тұрған залға лақтырып жіберген. Бұл әрекетіне ашуланған Бишімбаев Нүкеноваға жұдырықпен дене жарақатын сала бастаған.
“Бишімбаев мас күйінде Нүкенованың басынан қатты соққылармен ұрған. Содан кейін оны тепкілей бастаған. Нүкенова қашуға әрекеттеніп, бөлмелердің біріне тығылған. Алайда Бишімбаев есікті қағып, оны қайтадан ұрып-соққан», – деді мемлекеттік айыптаушы.
Нүкенова бірнеше рет есін жиғанымен, сотталушы оны ұрып-соға берген.
Сондай-ақ аса ауыр қылмысты жасырды деп ағайынды Бишімбаевтар айыпталып отыр.
“9 қарашада аса ауыр қылмыс жасаған соң Бишімбаев гастроцентр директоры Байжановқа телефон соғып, себебін түсіндірместен жұмысқа келуге бұйырған. Гастроцентрге жеткенде Байжанов ес-түссіз жатқан және табиғи емес сырылдар шығарған Нүкенованы көрген. Сондай-ақ оқиға орнында қан мен жұлынған шаш табылған. Бишімбаевтың өтініші бойынша олар Нүкенованы орнынан көтерген. Сол кезде Нүкенованың денесі мүлде қозғалмаған, иілмеген. Қызды диванға жатқызып, бірнеше сағаттан соң Байжанов Нүкенованың қайтыс болғанын білген”, – деді айыптаушы.
Айыптау қорытындысында бұрынғы министрдің ағасы Бақытжан Байжанов қауіпсіздік қызметкерлеріне Гастроцентрдегі барлық бейнематериалдарды өшіруді тапсырып, қылмыс туралы дер кезінде хабарламағаны айтылған.
Сондай-ақ Нүкенованың өлімін жасыру үшін телефонын өзімен бірге алып жүрген. Осылайша ол марқұмның бірнеше уақыт бойы өмір белгілері болмаса да қимыл-қозғалыста болғанын көрсеткісі келген.
Жедел-жәрдемді тек кешке шақырған. Келген дәрігерлер Нүкенованың қазасын растаған.
Қуандық Бишімбаевқа келесі баптар бойынша айып тағылды:
- Қылмыстық кодекстің 110-бабы, 2-бөлігінің 1-тармағы (Азаптау);
- Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру).
Байжановқа мынадай баптар бойынша айып тағылды:
- Қылмыстық кодекстің 432-бабы (Аса ауыр қылмысты жасыру);
- Қылмыстық кодекстің 434-бабы (Қылмыстың болғанын хабарламау).
Сондай-ақ жақында әлеуметтік желілерде Нүкенованың мейрамхана ішінде жалаңаш жүрген видеосы тараған еді. Оған Бишімбаев Bau мейрамханасында әйелімен ұрсысқан кезде оған әперген қымбат сыйлықтарын міндет қылғаны себеп болған екен. Күйеуінің сөздеріне ашуланған Нүкенова Бишімбаев алып берген киімінің бәрін шешіп, іш киіммен жүрген.