Исекешов Ұлттық банктің жаңа төрағасын таныстырды

0
89
Advertisement

Елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банктің және Үкіметтің бірлескен жұмысы күшейтіледі – Досаев.

Бүгін, 26-ақпан күні Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әсет Исекешев Қазақстан Республикасы ҰБ Төрағасы Ерболат Досаевты Ұлттық Банктің ұжымына таныстырды, деп хабрлайды Zakon.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ә. Исекешев Ұлттық Банктің алдында тұрған барлық міндеттердің бұрынғыдай қалатынын атап өтті.

«Бірінші кезекте, бұл ақша-кредит саясатын жетілдіру, банктік, қаржылық және нақты секторларды қалыпқа келтіру, баға тұрақтылығы мен экономикалық өсу арасындағы теңгерімді табу», – деді Ә. Исекешев.

Ә. Исекешев атап өткендей, банктер активтерінің сапасына тәуелсіз бағалау жүргізу, қор нарығын дамыту және басқалары өзекті мәселелер болып қалуда.

«Үкіметпен бірге халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында макроэкономикалық тұрақтылықты және экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер жүйесін пысықтау қажет», – деп атап өтті ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы.

Өз кезегінде, Е. Досаев Мемлекет басшысына көрсетілген сенімі үшін алғыс айтты және елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банктің және Үкіметтің бірлескен жұмысы күшейтілетінін атап өтті.

ҚР Президентінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 856 Жарлығымен Ерболат Досаев ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының лауазымына тағайындалғанын еске саламыз.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз