Исекешев президент көмекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды
Әсет Исекешев президент көмекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды деп хабарлады Ақорда 16 қаңтарда кешке қарай. Бұған дейін осы қызметті атқарған Қалмұханбет Қасымовтың мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалғаны белгілі болған еді.
Исекешев наурыз айында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Тұңғыш президент қорының атқарушы директоры болып тағайындалған.
Оның алдында шамамен жарты жыл президент әкімшілігін басқарған. 2016 жылдың маусым мен 2018 жылдың қыркүйек айы аралығында Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласының әкімі болған.