Ирландиялық әжей Димаш Құдайберген үшін есімін өзгертіп тастады – Қазақстан жаңалықтары

0

76 жастағы ирландиялық әйел Джун Лазан Димаш Құдайберген үшін есімін өзгертіп тастады. Ол сүйікті кумирінің ерекше даусы мен талантының құпиясын ашу үшін Ақтөбе қаласына барған. Бұл туралы Stan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. 

Ирландиялық әжей Димаш Құдайберген үшін есімін өзгертіп тастадыФото: ҚазАқпарат/Instagram

Джун Лазар Димаштың Мәскеудегі концертіне қатысқан соң Ақтөбеге атбасын бұрды. Ол Құдайбергеновтің ата-анасымен танысып қана қоймай, бірнеше күн ішінде қаланың көрікті жерлерін аралады. Есет батыр, Абат байтақ кесенелерінде, Әлия мұражайында, сондай-ақ, Димаш білім алған мектеп пен музыкалық колледжді көріп қайтты. 

Ирландиялық әжей Димаш Құдайберген үшін есімін өзгертіп тастадыФото: ҚазАқпарат

«Димаш Құдайбергенді алғаш YouTube-тен көріп қалдым. Ол мені өзінің соңынан шақырғандай болды. Мен Димаштың ерекше тағдырлы жігіт екенін сездім, ол әлемді өзгерте алатын күшке ие. Оның алдында үлкен миссия тұр. Ақырында өзімен танысып, Отаны Қазақстанды, халқының салт-дәстүрін, балаларды қатты жақсы көретінін түсіндім», – дейді Джун Лазар.

Ирландиялық әйелдің Димашты жақсы көргені соншалық, ол кумирі үшін есімін өзгертіп тастады. Ол өз атына «маш» жалғауын жалғап, бүгінде Джун-маш Лазар атанды. 

Джун-маш Лазар – шығармашылыққа жақын әйел. Сөзіне қарағанда, 5 жасында ол ән айтумен, бимен айналыса бастаған. Егде жасына қарамастан, әлі күнге дейін биден сабақ береді. Сондай-ақ, тігін тігіп, тоқыма тоқығанды ұнатады екен. Ол алғашқыда саясаттану мен тарих саласы бойынша диплом алған. Сондай-ақ, қоржынында өнер мен әлеуметтану саласының дипломы бар. 

Джун осыдан 5 жыл бұрын Қазақстанға келген. Алайда бұл Ақтөбеге алғашқы сапары. Қазақстандықтармен таныса келе, ол екі халықтың арасында ортақ дүние көп екенін түсінген. Енді әйел жаз айларында Алматы мен Нұр-Сұлтанға баруды жоспарлап отыр. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз