Ірі олигархтардың балалары клубта төбелес шығарды

0

Ірі олигархтар Дінмұхаммед Ыдырысов пен Бахаридин Аблазимовтың балалалары Алматының клубтарының бірінде үлкен дау шығарды. Бұл сұмдық жағдай 28 желтоқсан 2023 жылы «ЛИТЛ Бразил» клубында орын алды. Караоке клубтың администраторы бұл жағдайға:

«Олар бізге айқайлап, қоқан-лоқы көрсетіп, ғимаратты жауып тастайтынын айтты», — деп пікір білдірді. Ал диджей:
«Олардың сөзіне сүйенсек, дау шығарғандар Аблазимов пен Ыдырысовтың балалары екен», — деп толықтырды.

Айнұр Сатжанға қазіргі таңда үлкен қысым көрсетілуде. Сонымен қатар бұл оқиғаның бетін жылы жабу үшін үлкен сомада ақша да ұсынған. Бірақ мұның бірі де жүзеге аспапты. Олар олигархтардың балаларына ашықтан ашық қарсы шықты.

Бахаридин Аблазимовтың жағдайы 2022 жылдың мамырындағы зерттеуге сүйенсек 253 миллион долларға бағаланады. Ал Дінмұхаммед Ыдырысовтың байлығы 415 миллион долларды құрайды. Екеуі де Тимур Құлыбаев пен Дариға Назарбаеваның кіші серіктестері саналады. Бұл келісімге ағайынды Нығматуллиндердің де қатысы бар.
Сұмдық жағдай орын алатын күні олигарх балаларының жанында органдардың куәлігін ұстаған күзетшілер де болған.

Клуб администраторы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнежазба жолдады.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев! Мен Айнұр Әділбек 1992 жылы Талдықорғанда дүниеге келдім.2023 жылы 28 қаңтарда «Литл Бразил» караоке клубына 9 адам келді, олардың ішінде күзетшілер де бар. Ішімдікке сылқая тойып алған соң, олар диджей Сатжанға келіп, музыка қоюын талап еткен. Сонымен қатар оған балағат сөздер айтып, таяқтың астына алған. Мен диджейді қорғауға бекінгенде олар шашымнан тартып, мені итеріп және қорлай бастады. Ал біз 102 номеріне хабарласып, полицияға хабарласқанда, күзетшілердің бірі ІІМ төлқұжатын көрсетіп, оларды қайтарып жіберді. Сатжанды жұмыс орнынан шылым тартатын жерге шығарып, соққыға жыға бастады. Біздің клубтың күзетшілері оны арашалап қалды.
29 желтоқсан сағат 11:00-де бізді Бостандық ауданының полиция бөлімшесіне шақырды. Бізге ештене көрсетпестен, рұқсатымызды алмастан клубтың бейнежазбасын тартып алды. Оқиғаның болғанына бір апта өтсе де, полиция арызымызды қабылдамады. Істі қараудың орнына, клуб күзетшілерін кінәлі етіп қойды. Әр күні бізге Аблазимовтың адамдары келіп, қысым көрсетуде. Біздің диджей Сатжанды іздеп жүр» — делінген бейнежазбада.

Ақпарат, фото: https://youtu.be/-kukoj0w2w8