Иранның жолаушылар ұшағы Тегеран әуежайына қайта қонуға мәжбүр болды

0

Иранның жолаушылар ұшағы Тегеран әуежайына қайта қонуға мәжбүр болды деп хабарлады Иранның Mehr жартылай ресми агенттігі.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, ұшақ 25 қаңтарда Тегераннан Стамбулға ұшып шыққан, бірақ «техникалық ақауға» байланысты Мехрабат әуежайына қайтып келген.

Әуежай өкілдерінің сөзіне сүйенген агенттіктің жазуынша, Имам Хомейни әуежайынан әуеге көтерілген ұшақ аман-есен қонған, ешкім зардап шекпеген.

Агенттік әуе кемесінен нендей техникалық ақау шыққанын айтпады, бірақ оның Иранның Airtour әуе компаниясына тиесілі екенін хабарлады.

Шамамен үш апта бұрын Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы 8 қаңтарда Тегеран әуежайынан ұшып шыққан украиналық жолаушылар ұшағын қателесіп атып түсіргенін мойындаған. Ұшақ бортында болған 176 жолаушының бәрі қаза болды.

Оқи отырыңыз: Украиналық ұшақты атып түсірген ирандық әскери қызметкер түрмеде отыр

Azattyq