Ирандық снайпер түсіріп алған Әзірбайжан президентінің фотосы таралды

0

Иран шекарашылары снайперлік қарудың дүрбісімен түсіріп алған Әзірбайжан президентінің фотосын «Репортер» басылымы жариялады.

Фотодан президенттің жары  Мехрибан ханымды да байқауға болады.

Снайпер
©president.az.

Әзірбайжан президентінің баспасөз хатшысы таратқан мәліметке сенсек, Ильхам Алиев Худаферин көпіріне арнайы барып, ту тікті. Сондай-ақ олар Араз өзенінің бойымен серуендеген.

Фото түсірілген ракурс Иран аумағына тиесілі және де Әзірбайжанға ең жақын нүктелердің бірі.

Фотодан президенттің жеке күзеті мен кортежін де байқауға болады.

Снайпер

Айқын