Ирандағы жер сілкінісінен 400-ден астам адам зардап шекті

0
26 Қараша 2018, 09:24 11 0

Астана, BAQ.KZ. Иранның Иракпен шекаралас батысында 25 қараша күні кешке қуаты 6,3 магнитудаға жететін жер сілкінісі болып, 400-ден астам адам зардап шекті.

Иран төтенше жағдайлар министрі Пир Хуссейн Коливандтың мемлекеттік телеарнаға айтуынша, зардап шеккендердің көбі жер сілкінісінен ғимараттардың қирағауынан емес, зілзала кезінде жан-жаққа қашқан кезде жараланған. Құтқарушылар әзірге зілзаладан ешкім құрбан болмағанын айтты.

Иран сейсмология орталығының басшысы Әли Морадидің сөзінше, жер сілкінісі үлкен қалалардан қашық аймақта болған.

АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, зілзала ошағы Иранның солтүстік-батысындағы Илам қаласынан 114 километр қашықта, Ирак шекарасына жақын аймақта болды.

Иранның мемлекеттік IRIB телеарнасы жер сілкінісі Иранның батыс Керманшах провинциясындағы күрдтер көп тұратын Сарпул-е Захаб қаласына жақын болғанын хабарлады. Жартылай ресми Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, зілзала дүмпуі елдің өзге алты провинциясында да сезілген.

2017 жылы қарашада Сарпул-е Захаб қаласына жақын аймақта қуаты 7,3 магнитудаға жететін жер сілкінісінен 620 адам қаза тауып, мыңдаған адам жараланған болатын.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ