Иранда ұшақ құлады
Қысқа сілтеме алу
https://sputniknews.kz/images/1247/87/12478707.jpg
Sputnik Қазақстан
https://sputniknews.kz/world/20200108/12478863/167-zholaushy.html
Boeing 737 лайнері Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайынан ұшып шыққаннан кейін екі минуттан соң құлаған
НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Иранда 167 жолаушы мінген украиналық лайнер апатқа ұшырады, деп хабарлайды РИА Новости.
Иранның минавиация өкілі Джаафар Заде ұшақ бортында 167 жолаушы болғанын мәлімдеді. Бұған дейін лайнерге 180 жолаушы мінгені хабарланған еді.
Boeing 737 лайнері Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай құлаған.
«Flightradar» ұшақтардың қозғалысын бақылайтын қызметтің ақпаратынша, украиналық PS752 рейсі Тегераннан Мәскеу уақытымен 5.42-де ұшып шыққан. Арада екі минут өткен соң, 5.44-те радардан жоғалып кеткен.
Әлеуметтік желілерде ұшақтың құлаған сәті түсірілген видео мен оқиға орнынан суреттер жарияланды.
sputniknews.kz