Иранда үш жазушы алты жылға түрмеге кесілді

0

Иран соты үш жазушыны ұлттық қауіпсіздікке қарсы қылмыс жасады деген айыппен, әрбірін алты жылға түрмеге кесті. Реза Хандан Махабади, Бакташ Абтин және Кайван Баджан «мемлекетке қарсы насихат жүргізді», «ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірді» деп танылған. Хабарламаларға қарағанда, жазушылар ісі бойына сот процесі сәуірде өткен.

Иранда зиялы қауым өкілдері мен ел билігін сынағандар жиі сотқа тартылады.

Сотталған үш азамат – Иран жазушылар қауымдастығының мүшелері. Билік бұл ұйымға қысып жасап, мүшелеріне қоқан-лоққы көрсетіп, кейбірін бұған дейін де соттаған.

Қауымдастықтың соттан кейін таратқан хабарламасында «Бұл – үш жазушы мен қауымдастыққа ғана емес, ойын еркін жеткізуді қалайтын барлық жазушыға шыққан үкім» деп жазылған. Ұйым «биліктің үш жазушының кінәсін дәлелдейтін мардымды айғақ ұсынбағанын» айтады.

Azattyq