Иранда хиджаб киюге наразылық білдірген мектеп оқушыларын қасақана улаған

0

150-ден астам қыз ауруханаға жатқызылды. Иранда бірнеше мектеп оқушылары  хиджаб киюге қарсы наразылықтарға қатысқаны үшін  уланды деген хабардың дұрыстығы тексерілуде. 

Осы елдің денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Бахрама Эйноллахи мен Білім Министрінің орынбасары Юнес Панахи мектеп оқушыларының улануын тудырған нәрсе бактериялық сипатқа ие емес және әскери химиялық зат емес деп сендіреді. Бұл туралы жазады theguardian.com.

Иранның Білім Министрінің орынбасары Юнес Панахи:

«Кум қаласында бірнеше оқушыны уландырғаннан кейін, кейбір адамдар барлық мектептердің, әсіресе қыздарға арналған мектептердің жабылуын қалайтыны анықталды», — деді.

Мұғалімдердің бірі 250 оқушының тек 50-і ғана сабаққа барғанын айтты. Қазір аяқталмаған тергеу салдарынан бірнеше мектеп жабылды. Зардап шеккендердің ата-аналары түсіндіруді талап етіп, губернатор Кумның резиденциясы алдында наразылық акцияларын өткізді.

Парламенттік Денсаулық сақтау комиссиясының мүшесі Доктор Хомаюн Самейя Наджафабади уланудың әдейі қасқана жасалғанын растады.

Ақпарат, фото: http://t.me/orda_kz