Иран украиналық ұшақты «қателесіп» атып түсіргенін мойындады

0

Иран Тегеран әуежайы маңындағы украиналық ұшақты ирандық әскерилердің қателесіп атып түсіргенін мойындап, «бұл адамнан кеткен қателік» деді.

11 қаңтарда таңертең ирандық мемлекеттік телеарна арқылы мәлімдеме жасаған Иранның қарулы күштерінің бас штабы осылай деді. Бұған дейін Иран үкіметі бірнеше күн бойы батыс жетекшілері мен сарапшыларының «ұшақты ирандық зымыран атып түсірді» деген мәлімдемесін жоққа шығарып келген еді.

Тегеран кінәлілер жауапқа тартылады деп мәлімдеді. Иранның сыртқы істер министрі Джавад Зариф оқиға 8 қаңтарда «АҚШ-тың соқыр тәуекелшілдігінен туындаған дағдарыс кезінде» болды деп мәлімдеді.

Azattyq