Иран телеарнасы: Британ танкері экипажы аман-есен
Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй 22 шілдеде шұғыл жиында үш күн бұрын Иран әскери күштері басып алған танкер мәселесін талқыламақ.
20 шілдеде жаңалық агенттіктері жариялаған британ билігінің БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне хатында Оманға қарасты теңіз аймағында заңды түрде жүзіп жүрген танкерді иран күштері басып алғаны айтылған.
НАТО арнайы мәлімдеме жасап, Иранның Ормуз бұғазында екі коммерциялық кемені басып алуын айыптады. Одақ Тегеранды экипаж мүшелерін босатуға шақырды.
«Экипаждың барлық 23 мүшесі аман-есен, олар Бендер-Аббас портында қауіпсіз жерде» деді жергілікті мемлекеттік телеарнаға сұқбат берген провинцияның кеме қатынасы қызметінің басшысы Хормозган Аллахморад Афифипур.
Оның сөзінше, экипаж тағдыры олардың Иран қызметімен бірігіп жұмыс істеуге дайындығына байланысты.
«Тергеу кеме экипажы мүшелерінің бірлесе жұмыс істеуіне байланысты. Бізге сонымен бірге істі зерттеу үшін дәлелдерге де қол жеткізу керек», — деп атап өтті.
Иран ұстаған екі кеменің бірінде британ туы ілінген. Ұлыбритания бұған жауап ретінде Иранға санкция пакетін әзірлеп жатыр. Лондон Еуроодақ пен БҰҰ-дан да Тегеранға қарсы шектеу енгізуін сұрамақ. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне жолдаған хатында Лондон бұл әрекетті «елдің ішкі ісіне араласу» деп атаған.
19 шілдеде Иран әскерилері Ормуз бұғазында екі британдық кемені басып алған еді. Либерия туы ілінген екі кеменің бірін кейінірек босатқан. Ал Ұлыбритания туы ілінген, бортында 23 адам болған танкер Бендер-Аббас портында қалған.
Иран билігі танкердің халықаралық теңізге байланысты ережелерді бұзғанын айтып, кемені сол үшін ұстағанын айтқан.