Иракта үйлену тойы кезінде өрттен қаза тапқандар саны 450-ге жетті

0

Ирактағы үйлену тойының соңы қорқынышты қазаға айналды. Той барысындағы өрттен өлгендер саны төрт жүзден асты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өрт банкет залын бірден шарпып, 450 адамның өмірін қиды. Өрттің нақты себебі әлі аталмаған, бірақ мамандар қалыңдық пен күйеу жігіттің биі кезінде қосылған отшашулардың кесірі деп болжады.

Көбісі тірідей жанып кеткен, жас жұбайлар да мерт болды.

“Мыңға жуық қонақ келді. Шатыр жанып, өрт бірден тарай бастады, өйткені бүкіл ғимарат қабатты панельдерден, винил тақталарынан және матадан жасалған. Ешкім шыға алмады”, – деді оқиға куәгері.

Билік зардап шеккендер саны 150 деп мәлімдеді, олар бүкіл провинциядағы ауруханаларға жеткізілді. Қан тапсыруға жүздеген адамдар келген. Құтқарушылар әлі күнге дейін үйінділердің астынан адамдарды табуға тырысуда.

“Өрт кешкі сағат 11 шамасында басталып, ғимарат тез құлай бастады. Өрт сөндірушілер келген кезде бүкіл зал өртеніп кетті. Бұл сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес трагедия”, – деді Доминикан орденінің монахы Фардус.

Ирак ІІМ мәліметтері бойынша, қауіпсіздік ережелерін сақталмаған, құрылыс кезінде жанғыш материалдарды пайдаланылған және үй ішіндегі отшашулар соған әсер етті. Мерекелік залдың тоғыз қызметкері қамауға алынды, тағы төртеуі іздеуде.

Премьер-министр Мұхаммед Шиа ас-Судани зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Осы мақсатта еліміздің түрлі аймақтарынан, соның ішінде Бағдадтан қосымша күштер мен қаражат бағытталды.

Еске салсақ, Иракта үйлену тойында шыққан өрт салдарынан 100 адам қаза тапқанын хабарладық.