Иракта Францияның екі азаматы өлім жазасына кесілді
Бағдад соты «»Ислам мемлекеті» экстремистік тобына мүше болды» деп айыпталған Францияның екі азаматын өлім жазасына кесті. Бұл туралы жергілікті прокуратура хабарлады. Осылайша Иракта өлім жазасын кесілген Франция азаматтарының саны тоғызға жетті.
Сот өлім жазасына кескен бұл екі француз азаматы биыл қаңтарда «Сирия демократиялық күштері» қамауға алған 12 адамның арасында болған.
Франция Ирактағы азаматтарын аман алып қалуға бар күшін салып жатқанын мәлімдеді. Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы тұтқындарды азаптау жайлы деректер барын айтып, Ирак тергеушілерін айыптаған.