Иракта бірден жеті бала туған әйел: балалардың бәрі шетінеп кетті

0

Бұдан бұрын «жас ананың денсаулығы да, нәрестелердің жағдайы да жақсы», делінген еді.

Ирактың Дияла провинциясында бірден егіз болып туылған жеті баланың шетінеп кеткенін Ирак телеарнасы al-Sumaria жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz, ria.ru басылымына сілтеме жасап.

Өткен аптада «25 жастағы әйел табиғи жолмен жеті бала босанды – бір ұл мен алты қыз», – деп мәлімдеген болатын Дияла провинциясы денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметінің директоры Фарис әл-Изауи.

Дияла провинциясындағы әл-Баттул ауруханасының директоры Әли Шәриф Иракта мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған, деген. Жас ананың денсаулығы да, нәрестелердің жағдайы да жақсы, делінген болатын

«Бірнеше күн бұрын туылған жеті баланың бәрі шетінеп кетті «, – деп хабарлады телеарнаға Дияла провинциясының дәрігерлері.

Нәрестелердің өліміне не себеп болғаны айтылмады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz