Иракта АҚШ консулдығы маңына бірнеше зымыран құлады — БАҚ

0

Жексенбіге қараған түні Ирактың солтүстігіндегі Эрбил қаласында жарылыс болды. АҚШ консулдығы маңына бірнеше зымыран құлаған. Бұл туралы ақпаратты Ирактың қауіпсіздік қызметіндегі дереккөзге сүйеніп, «Шафак ньюз» жаңалықтар порталы жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Зымырандар АҚШ консулдығы мен «Күрдістан 24» телестанциясы маңына, Эрбилдегі Салах-эд-Дин деген жерге құлады. Жарылыс нәтижесінде «Күрдістан 24″ телеарнасының ғимаратына материалдық залал келтірілді», — делінген хабарламада.

Ирактың Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, қаза тапқандар жоқ.