Ирак президенті Британия азаматтығынан шықты

0

Осыған дейін Ұлыбритания азаматы болып келген Ирак президенті ағылшын елінің азаматтығынан заңды түрде шықты. Бұл туралы Ирак президентінің баспасөз хатшысы Локман Фейли мәлімдеді.

Ирак президенті Берхам Салих (Бархам Салах) Британия азаматтығын Саддам Хусейн билігі тұсында оппозициялық күштерде жүрген кезінде алған. Ирак президенті бұл үшін Британияға алғысын білдірген.

Ирак президент басқармасының мәлімдемесіне қарағанда, президент Берхам Салихтың ағылшын азаматтығынан бас тартуы Ирак Конституциясына сай жасалған. Айталық, ел конституциясының 18-ші бабында жоғары билік өкілдері Ирактан өзге елдің азаматтығын алуына болмайды деп белгіленген.

Бұрынғы президент Фуад Масум да президент болып сайланғаннан кейін Британияның азаматтығынан шыққанын жариялаған еді.

Айта кетейік, Саддам Хусейн билігіне қарсы оппозиция күштеріне Британия тарабынан күшті қолдау көрсетілген болатын.

“The Qazaq Times”

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз