iPhone 13-тің бағасы қанша болады?

0
259

Ертең атақты Apple компаниясы көпшілік күткен iPhone 13-ті таныстырады. Бағасы кез келгеннің қалтасы көтере қоймайтын соңғы модельдегі  iPhone 13-тің алдыңғы модельдермен салыстырғанда айырмашылығы  көп. Моделі жаңарған сайын бағасы қымбаттайтын Apple өнімінің бұл жолғы бағасы да төмен болмасы анық. Әзірге iPhone 13-тің Ресейде қандай бағамен сатылуына қатысты болжамдар айтылып отыр. Ондағы баға 84 мың  990 – 89 мың  990 рубль арасында болмақ. Әдетте iPhone-ның бағасы жадының сыйымдылығына байланысты өсетінін ескерсек ең жоғары сыйымдылыққа ие телефонның бағасы 100 мың рубль деп бағаланып отыр, Демек теңгеге шаққанда iPhone 13-тің бағасы 498 мың теңгеден басталып, 586 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Алдын ала болжамға сай бұл жолғы iPhone-ның жадының сыйымдылығы жоғары болады. Сондай-ақ энерготиімділігі жағынан да оң өзгерістер бар. iPhone-ның ең басты кемшілігі саналған қуаттың (батереяның) тез сарқылуы мәселесі бұл жолы аздап шешімін тапқан сыңайлы. Мәселен бұған дейін iPhone-нің қуаты сағаты 2815 мега ампер болса жаңа iPhone да бұл көрсеткіш сағатына 3095 мега амперге дейін ұлғайды.

Камерадағы объективті жетілдіру арқылы iPhone13-пен түсірілетін суреттің сапасы да жоғарылай түспек.

Жоспар бойынша IPhone-нің жаңа моделі Қазақстанға қазан айының басында сатыла бастайды.