iPhone 12 Pro да бар: Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге берілген сыйлықтар қайда кетеді (видео)

0

Елімізде мемлекеттік қызметкерлерге берілген сыйлықтардың аукцион арқылы сатылмастан бұрын қайда сақталатыны белгілі болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мемлекеттік қызметкерлер берілген аулан түрлі сыйлықтар Нұр-Сұлтандағы қоймада сақтаулы тұр. Олардың арасынан галстук, спорт киімі, шахмат, Капитолийдің мүсіншесі, кәдесыйлар секілді түрлі заттарды кездестіруге болады. Бұл бұйымдардың барлығы тәуелсіз бағалаушылардың қорытындысынан кейін аукцион арқылы сатылады.

Аукционға кез келген адамның қатысуына болады. Жауапты мемлекеттік қызметтегі адамдар сыйлық алған күннен бастап жеті күнтізбелік күн ішінде қайтаруға міндетті. Сыйлықты қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелеріне беру керек.

«2020 жылы елордада мемлекеттік қызметкерлер мен өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу қойған адамдардан 129 сыйлық түсті. Олардың бағалау құны 2 миллион теңге болды. Қазіргі уақытта 2021 жылдың қаңтарында біз 13 сыйлық қабылдадық. Әзірге бізде бағалау құны жоқ», — дейді Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім бастығы Венера Жумукова.

Жумукованың айтуынша, өткен жылы Нұр-Сұлтанда 119 мың теңгеге бес сыйлық сатылған.

«2020 жылы ең қымбат сыйлық әтір болды. Бағалау құны – 118 мың теңге. Сыйлықтарды өз еркімен және тегін тапсырады. Парфюмерия, киім, алкогольдік ішімдіктер. Көбіне кәдесыйлар тапсырады. Ресми кездесулер кезінде алынған көптеген сыйлық бар», — дейді Жумукова.

2020 жылы еліміздің шенеуніктері мемлекетке 245 сыйлық тапсырған екен. Ең қымбаты iPhone 12 Pro болған. Оның құны 617 991 теңгеге бағаланып, бүгінде сатылып жатқаны белгілі болып отыр.