«Интим қызмет көрсетуге мүмкіндік жасалған» — Боранбаевтың жиенінің заңсыз әрекеттері айтылды
Кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа түрмеде отырған кезінде ұялы телефон пайдалануға, туған күнін ішімдік ішіп тойлауға заңсыз мүмкіндік берілген, деп хабарлайды Kznews.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Сонымен қатар, кәсіпкерге интим қызмет көрсетілуі үшін де ақы төленген. Боранбаевтың жиені пара бергеннен кейін кәсіпкер заңсыз сыйлықтар алған. Ал осы жағдайдан кейін Әбілхан Боранбаев 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Яғни ол ағасына сыйлықтар жасап, тіпті интим қызметке ақы төлеген.
«2022 жылғы 22 қыркүйекте сағат 20:40-та Қ.С. Боранбаевты ҚМА ғимаратынан тергеу изоляторына апару кезінде жол жүру бағытынан ауытқып, пара беруші Боранбаевтың пайдасына заңсыз іс-әрекеттер жасап, Астана қаласы Алаш тасжолында орналасқан «Нұр» кафесінің маңына тоқтаған. Боранбаевқа интим қызмет көрсетушімен кездесуге, туған күнін ішімдік ішіп атап өтуге мүмкіндік жасалған.
Куәгер Ә.Т. Боранбаев кешкі уақытта Қ.С. Боранбаевпен кездесу ұйымдастырғанын мәлімдеді. Олар қара түсті джипте кездескен. Ол ақшалай сыйақы үшін интим қызмет көрсеткен», — делінген қылмыстық іс материалында.
ақпарат: Kyn.kz
фото: ulysmedia.kz