Интерполдың басшысы ауысты — Әлем|21 Қараша 2018, 22:31
Астана, BAQ.KZ. Интерполдың Дубайда өткен конференциясында ұйым президенті болып Оңтүстік Корея өкілі Ким Чен Ян сайланды.
Азаттықтың хабарлауына қарағанда, Ким Чен Янды Интерпол бас ассамблеясының 98 мүшесі қолдаған. Екінші кандидат — Ресей генералы Александр Прокопчук 64 дауыс алды.
Ким Чен Ян сайланғанға дейін Инторпол президентінің міндетін уақытша атқарған. Интерполдың бұған дейінгі басшысы Мэн Хунвэй қыркүйекте ұсталып, сыбайлас жемқорлық айыбы тағылған.
Халықаралық БАҚ-та соңғы уақытта Мәскеудің Ресей генералы, Интерполдың төрт вице-президентінің бірі Александр Прокопчуктің сайлануына ықпал етпек болып жатқаны туралы хабарлана бастаған. Мәскеу Кремль Прокопчуктың Интерпол басшысы болып сайланғанын қолдайтынын ресми түрде мәлімдеген.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 20 қарашада Вашингтон Ким Чен Янның Интерпол президенті болғанын қолдайтынын мәлімдеген.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ