Интернеттің нашарлығына байланысты оқушы қыз зират ішінде оқуға мәжбүр болды

0

Мектеп оқушысы үйде интернет байланысының нашарлығына байланысты зиратта онлайн режимінде оқуға мәжбүр болды. Бұл оның Zoom конференциясына қосылудың және онлайн сабақты жіберіп алмаудың жалғыз әдісі.

АҚШ-тың Колорадо штатында 15 жасар Кармелита Раэль ата-анасымен бірге таулы қожалықта тұрады, сондықтан үйде жоғары жылдамдықты интернет жоқ. Ұялы байланыс та нашар.

Кармелитаның анасы спутниктік интернетті қосқаны атап өтілді. Бірақ желді немесе жаңбырлы ауа-райы кезінде сигнал жоғалады. Аудандағы интернет сигналы жалғанған жер — жергілікті зират.

Бұл аймақта ұялы мұнараларды орнатуға шамамен 1,5 миллион доллар қажет екендігі нақтыланды.