Интернеттен әдісін қарап, жұмыртқа пісірген қыз жантүршігерлік жағдайға тап болды
Қысқа сілтеме алу
Англия тұрғыны жұмыртқаны жылдам пісіру әдісін интернеттен қарап алған
АЛМАТЫ, 15 тамыз — Sputnik. Англияның Реддитч қаласы тұрғыны қысқа толқынды пеште жұмыртқа пісіремін деп қатты күйіп қалды, деп жазады The Sun.
6 тамызда 22 жастағы Бетани Россер таңғы асқа жұмыртқа пісіріп жегісі келіпті. Интернеттен «жылдам әрі қауіпсіз әдісін» қарап алған ол, жұмыртқаны тұзды суға салып, қысқа толқынды пешке алты минутқа қояды.
«Сайттағы нұсқаулық бойынша, қысқа толқынды пеште жұмыртқаны алты-сегіз минут пісіру керек. Мен сақтық үшін алты минуттан соң алып шықтым», — дейді ағылшын қыз.
Тағы оқыңыз: Күніне бір жұмыртқа жесеңіз, не болатынын білесіз бе?
Россер қалай піскенін тексермек болып еді, кенет жұмыртқа жарылып, қыздың оң жақ бетін күйдірген. «Қысқа толқынды пеште жарылмаған еді», — дейді зардап шегуші.
Қыз тез арада жедел жәрдем шақырып, күйіп қалған бетін суық суға салады. Бетанидің айтуынша, болған жайттан соң оң көзі дұрыс көрмей қалыпты.
«Қазір көзім ақырындап ашылады, бірақ бәрі бұлдырап көрінеді», — дейді ол.
2017 жылы АҚШ мамандары қысқа толқынды пеште қыздырылған шикі жұмыртқа да, піскен жұмыртқа да жарылуы мүмкін екенін дәлелдеген болатын.
sputniknews.kz