Интернеттегі дауыс беру ешнәрсені де шешпейді

0

Қазақстандық талантты әнші Димаш Құдайбергенов «Әлемнің үздік әншісі» байқауына қатысты өзінің жанкүйерлеріне пікір білдірді.

Ерекше дауыс иесі Димаш Құдайбергенов өзінің Instagram парақшасында осыған қатысты пост жариялады, хабарлайды Qamshy.kz.

«Құрметті достар! Америкалық бір сайтта «Әлемнің үздік әншісі» атты байқау болып, оған қатысушылардың тізімінде менің де атым бар екен. Бұны бүгін ғана естідім. Маған қолдау білдіріп, дауыс бергендеріңіз үшін алғысым шексіз, алайда бұл байқаудың қандай да бір марапаттауға немесе телевизиялық жобаларға еш қатысы жоқ. Бұл жай ғана интернеттегі дауыс беру жобасы және ол ешнәрсені де шешпейді. Қай жерде болсын қолпаштап, маған ыстық ықыластарыңызды білдіріп отырасыздар. Үлкен рахмет! Шығармашылығымды осыншалықты сүйіп тыңдайтын жандардың болғаны мен үшін үлкен мәртебе. Welcome to Kazakhstan! Сіздерді жақсы көремін!» — деп жазады Димаш.

Айта кетейік, америкалық сайттардың бірінде «Әлемнің үздік әншісі» атты интернет байқауы жүріп, Димаш Құдайбергенов алғашында 35-орында болған еді, араға ұзақ уақыт салмай жанкүйерлерінің дауыс беруінің арқасында ол бірден 2-орынға көтерілген болатын. Алайда, дауыс берудің нәтижесі шыққанда ол 369-орынға түсіп қалған.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!


Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/