Интернетте «Надежда Тоқаеваның» фотосы пайда болды (фото)

0

Интернетте ҚР президенті Тоқаевтың әйелі Токаева Надежда Давыдқызының фотосы пайда болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Қазақстанның бірінші ханымы туралы ақпаратты ресейлік 1rre.ru сайты жариялады. 

«Қазақстанның бірінші ханымы туралы ақпарат жоқтың қасы. Надежда Давыдқызы Төменгі Тагил аймағында дүниеге келген. Сондай-ақ ұлы Тимур Тоқаев 35 жаста. Тимур Тоқаев үйленген бір қызы бар», — деп жазады ресейлік БАҚ.

Алайда аталмыш фотодағы Қазақстанның бірінші ханымы екені дәлелдебеген. Осыған дейін Надежда Тоқаеваның бірде бір суреті жарияланбады.

Сондай-ақ қазір бірінші ханымның атына тіркелген ИП-ның жоқ екені анықталды. Алайда 2009 жылға дейін Надежда Тоқаеваның атында ИП болған.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

«Қамшы» сілтейді