Интернет өшті, полиция фургоны көрінді: Маңғыстауда наразылық білдірушілер көбейіп барады

0

Маңғыстау облысында наразылық білдірушілер саны артып келеді. Сонымен қатар полиция фургоны байқалып, ірі елді мекендерде интернетке байланысты қиындықтар туындап жатыр, деп хабарлайды kznews.kz сайты ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

«Біз бағаның көтерілуіне байланысты өз талаптарымызды қойып отырмыз — газдың, азық-түліктің бағасын төмендету керек», — деді жергілікті тұрғын.

ҚазТАГ редакциясына облыстың түкпір-түкпірінен жергілікті тұрғындар мен еңбек ұжымдары бағаның көтерілуіне наразылықтарын білдіретін бейнекадрлар түсіріп жолдауда.