Интернат-үйдің тәрбиешілері мүгедек балаларды сабап келген

0

Интернат тәрбиешлілері ұзақ уақыт бойы балаларды соққыға жығып келген және оларды жұмыс істеуге мәжбүрлеген.

Атырау облысының прокуратурасында Атырау қалалық Мылқау балаларға арналған мектеп-интернатының қызметіне байланысты тексерісітің нәтижелері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz аймақтық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Интернатта ата-анасының қарауынсыз қалған 98 бала тұрады. Прокурорлар онда мүгедек балаларға қатысты қолданатын дөрекі қарым-қатынас пен күш қолдану деректерін анықтаған.

— Интернат тәрбиешлілері ұзақ уақыт бойы балаларды соққыға жығып келген және оларды жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Балалар ерік-жігерінің жетіспеушілігіне байланысты балалар болған жайтты ешкімге айта алмаған. Оларды (тәрбиешілер) тіпті бейнебақылау камералары да тыймаған. Өкінішке орай, тек 2018 жылдың желтоқсанынан ағымдағы жылғы қаңтарға дейінгі жазбалар алынды, бірақ соның өзі сот алды тергеуді бастауға жеткілікті болды, – деді облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов.

Тергеу жұмыстары полиция органдарымен Қылмыстық кодекстің 140-бабының 2-бөлігіне (Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндеттерін атқара алмау) сәйкес жүргізіліп жатыр.

— Балалармен дөрекі қарым-қатынас жасаған мекеме қызметкерлері өз жұмыстарынан шеттетілді. Іс облыс прокурорының бақылауында, — деді прокуратура өкілдері.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

kaz.zakon.kz