Инсульт қауіпін не нәрсе жоғарылататыны белгілі болды – Қазақстан жаңалықтары

0
108

Инсульт қауіпін жұмыртқа жоғарлатады, ал жеміс-жидектер мен көкөністер, ірімшік керісінше, қауіпті төмендетеді, деп хабарлайды The Independent.

Инсулттың алдын-алу үшін диета ұстау керек дейді ғалымдар.

 European Heart Journal -да жарияланған зерттеу бойынша инсульттың негізгі екі түрі мен оған қандай азық-түліктердің байланысы бар екені анықталды.

Еуропаның 9 мемлекетіндегі 418 мың адамды бақылаған зерттеушілер жеміс-жидек пен көкөністер инсульт қауіпін төмендететінінін айтты», – деп жазады зерттеудің авторы.

Зерттеуде жұмыртқаны көп тұтыну инсульт қаупін арттыратыны жазылған. Ғалымдар зерттеуге қатысқан адамдарды 12 жыл бойы бақылаған.

«Күніне артық 20 грамм жұмыртқа жеу инсульттың болу мүмкіндігін жоғарылатады»,-делінген зерттеуде.

Зерттеудің авторы, Шеффилд Университетінің кардиология профессоры Пол Эванстың айтуынша, қауіптің артуы немесе кемуіне тек тамақтану емес, әлеуметтік экономикалық факторлар да әсер етуі мүмкін.

stan.kz