Инстаграмдағы «Супермамасита»-ға қатысты тергеу жалғасуда

0

Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram парақшасындағы тікелей эфир кезінде Супермамасита лақап атымен танымал блогер Әлия Байтуғаеваның ісін тергеудің барысы туралы айтып берді деп хабарлайды KZNEWS.KZ тілшісі. Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов танымал блогер Әлия Байтуғаеваға (Супермамасита лақап атымен танымал) қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді. «Әлия Байтугаеваға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылмады. Азаматтардан ақша жинау фактілері тексерілуде. Жақында тексерулер аяқталады, біз тергеудің келесі кезеңіне өтеміз. Қылмыстық іс бойынша әзірге шешім қабылданған жоқ», — деді Әбдірахманов. Еске салсақ, бұған дейін Алматы полициясы Әлия Байтуғаеваға әлеуметтік желі қолданушылары шағымданып жатқанын мәлімдеген еді. Қалалық полиция департаментіне азаматтардан алғашқы шағымдар 23 шілдеде келіп түсе бастаған.

«Блогердің тірлігінің ауқымы айтарлықтай: бізден көмек сұрап отырғандардың арасында тек Алматы мен Қазақстанның өзге аймақтарының тұрғындары ғана емес, ТМД елдерінің тұрғындары да бар», — деп атап өткен еді Рустам Әбдірахманов. Кейін Әлия Байтуғаева өзіне тағылған айыптарға қатысты пікір білдірді.