Instagram-да пікір жазған Алматы тұрғыны «алауыздық тудыру» күдігіне ілінді
Алматы тұрғыны Instagram желісінде қалдырған пікіріне байланысты «алауыздық тудыру» бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды деп хабарлады 17 мамырда Алматы қалалық полициясының баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті — 1990 жылы туған Н. есімді азаматтың жазған пікірінен сот сараптамасы этникалық топ өкілдерін «қорлау белгілерін» анықтаған. Ұсталған күдікті бұған байланысты жауап берген.
Қазақстанда «әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни алауыздық (кейде араздық деп қолданылады) туғызу» (Қылмыстық кодекстің 174-бабы), «жала жабу» (274-бап), «жалған ақпарат тарату» (130-бап) әрекеттері қылмыстық жауапкершілікпен қудаланады.
Құқық қорғаушылар Қылмыстық кодексте бұл баптардың бұлыңғыр жазылғанын және сол сияқты бірқатар баптарды билік режимге қарсыларды қудалау үшін қолданады деп жиі сынайды.
Қазақстанда соңғы жылдары 174, 274 және 130-бап бойынша ондаған азаматтық белсенді, журналист, блогер, діни қауым өкілі сотталған.