Instagram-блогер Диденконы моншадағы күйеуінің қазасын «пиар» үшін пайдаланды деп айыптады – Қазақстан жаңалықтары

0

Интернет қолданушылары белгілі блогер Екатерина Диденконы оның туған күнінде болған қайғылы жағдайды «пиар» үшін пайдалануға тырысты айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

диденко

28 ақпан күні кешке Диденко Мәскеудің оңтүстігіндегі монша кешендерінің бірінде 18 адамға туған күнін жасап береді. Кеш қызған сәтте бассейнге 30 килограмм құрғақ мұз төккен. Ол үш адамның өмірін жалмауға себеп болған. Қайтыс болғандардың ішінде Екатеринаның күйеуі Валентин де бар. Екі қонақ химиялық күйік алды, оның ішінде туған күн иесінің жүкті сіңлісі Анна Диденко бар.

Қолданушылар өзін «дәріхана ревизоры» деп атайтын Диденконың құрғақ мұздың қауіп қасиеттері барын білмегеніне аң-таң. Оны «хайпқа» ұмтылды және өз қонақтарына қауіпсіздік шаралары туралы ескертпеді деп айыптады. Пайдаланушылардың бірі оған «камераға қарап, бірнәрсе айтудың орнына, біраз уақытқа интернеттен көрінбеуді» ұсынды. Сонымен қатар, үш адамның өліміне Екатеринаны кінәлі екенін жазғандар да болды. 

Диденконың тым ашықтығы тіпті оның цехтегі әріптестерін де таң қалдырдырды. Тіпті реанимация есігінің алдында отырып Диденко Instagram-дағы трансляциясын тоқтатпаған. Ал жұбайының қайтыс болғаны туралы білгеннен кейін, алдымен жазылушылардан психологиялық көмек сұрап, содан кейін сүйіктісін қалай жерлеуді жоспарлап жатқандығы туралы айтты. 

Жазылушылар арасында Екатеринаны қолдағандар да бар. Олар бұл жағдайда жағымсыз пікірлер орынсыз деп санайды. 

Екатерина Диденконың кейбір посттарға пікір қалдыру мүмкіндігін жауып тастаған.

Трагедияға дейін дәрі-дәрмектер туралы сөз қозғаған Диденконың жазылушылары екі күннің ішінде жарты миллионға өсті. Кейбір блогерлер мұндай хайпты оң бағаламады.

Диденконың достары да болған оқиғаны түсіндіруден бас тартпайды, ал кейбіреуі тіпті телешоуға асығып, ақша табуды қалады.

Айта кетейік, тергеу комиссиясы адамдардың қаза болуы фактісі бойынша тексеру жүргізеді.  Қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.

Бұған дейін моншадағы отырыста көз жұмған ресейліктердің соңғы минуттағы видеосы жарияланған болатын.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз