InDriver такси сервисін құрған кәсіпкер Қазақстан азаматтығын алды
InDriver такси сервисін құрған кәсіпкер Қазақстан азаматтығын алды, деп хабарлайды Kznews.kz порталы.
Бұл жаңалықпен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бөлісті.
Якутиядан келген кәсіпкер Арсен Томский Қазақстан азаматы болғанын 2 желтоқсанда кинобайқауда мәлімдеген еді.
Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин кәсіпкерді Қазақстан азаматтығын алуымен құттықтап, жазба жариялады.
«Арсен Томский Қазақстан азаматы болды! Әлемдегі ең ірі инвесторлардың бірі Қазақстан азаматы болды. Арсен өзі келіп қана қоймай, елімізге талантты мамандарды тартып, жаңа технологиялар мен идеялар әкелді. Соңғы жылдары Қазақстан әлемнің түкпір-түкпірінен келген талантты кәсіпкерлер үшін талап нүктесіне айналды…», — деді ол.
Министр мемлекет тарапынан инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасауды, оның ішінде көші — қон рәсімдерін шешуді жалғастыру үшін барынша оңтайлы жолын жасайтынын айтты. Министрдің айтуынша, мұндай шешімдер Қазақстанды Халықаралық бизнесте одан сайын қолайлы етеді.