Индонезиядағы цунамиге жанартаудың атқылауы себеп болуы мүмкін




Астана, BAQ.KZ. Индонезияда жанартаудың атқылауынан кейін болған цунамиден қаза тапқандардың саны артып, 168-ге жетті, деп мәлімдейді «Хабар 24» арнасы.
750-дей тұрғын жарақат алды. 30 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Жүздеген үй мен ғимарат қираған. Апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге Зонд бұғазы жағалауында цунамидің тууына не себеп болғаны нақты белгісіз. Бірақ мамандар Анак-Кракатау жанартауының атқылауынан теңіз астындағы көшкін жүрген деген пікірде.
Айта кетейік, Зонд бұғазы – Ява мен Суматра аралын бөліп, Үнді мұхитын Ява теңізімен байланыстырып тұрған бұғазы.
«Цунами кенеттен келіп соқты. Адамдар жан-жаққа қашып, толқын олардың кейбіреуін алып кеткенін өз көзіммен көрдім», дейді тұрғындар.
Бұған дейін Индонезияның Зонд бұғазында болған цунамиден 62 адам қаза тапқандығын жаған болатынбыз.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ