Индонезияда ұшақтың құлаған жерінен видеолар жарияланды

0

Индонезия телеарнасы Sriwijaya Air әуе компаниясы ұшағының құлаған жерінен түсірілген видеоны жарияланды. Кадрлар Airlive.net әуе жаңалықтарының Youtube сайтында көрсетілді.

Болжам бойынша, видеоны Джакарта шығанағында жұмыс істейтіндер түсірген. Жұмысшылар видеода ұшақтың табылған сынықтарын көрсетеді. Сондай-ақ, тірі адамдарды іздеуге кіріскен құтқарушыларды көрсетеді.

Flight Radar мәліметінше, Джакартадан Потианакқа бағыт алған рейс әуеге көтерілгеніне 4 минут болған соң радардан жоғалып кеткен.

Артынша ұшақтың суға құлағаны және адамдардың мәйіті табылғаны белгілі болды.

Бортта 59 адам болған, бірақ кей деректер бойынша экипаж мүшелерімен бірге 62 адам мінген.