Индонезияда цунамиден 20 адам мерт болып, 165-і зардап шекті

0
Индонезияда цунамиден 20 адам мерт болып, 165-і зардап шекті


Зонд бұғазы жағалауында цунами болып, салдарынан кем дегенде 165 адам зардап шегіп, 20-сы қаза тапты.

Тағы екі адам із-түзсіз жоғалған. Сондай-ақ, көптеген үйлер мен ғимараттар қираған. Бұл туралы Синьхуа агенттігі елдің Табиғи апаттардың алдын алу агенттігінің өкілі Сутопо Пурво Нугрохоға сілтеме жасап хабарлады. Оның айтуынша, цунами Джакарта уақытымен 21:27-де болған, салдарынан Зонд бұғазы жағалауындағы аудандар, соның ішінде Бантен провинциясы Пандегланг және Серанг округтері және Лампунг провинциясы Оңтүстік Лампунг округі зардап шеккен.

«Табиғи апат қаупі мен құрбандар саны артуы мүмкін. Себебі көптеген зардап шеккен аудандарда әзірге бағалау жүргізілмеді», — деді ол.

Жергілікті табиғи апат залалын жою қызметінің ақпараты бойынша, қаза тапқандардың басым бөлігі — демалыс күндерін осы аудандарда өткізуге келген индонезиялық туристер.

Дереккөз: inform.kz