Индонезияда болған цунамидің видеосы әлемдік БАҚ-та тарап кетті — Жаһан
Индонезияда жергілікті тұрғындар цунамидің жағажайды шайып өткен сәтін видеоға түсіріп үлгерген. Ол кезде Seventeen музыкалық тобы өнер көрсетіп жатқан, — деп хабарлайды Jakarta Post тілшісі.
Апат салдарынан музыканттардың бірі және топтың гастрольдік менеджері мерт болған, сондай-ақ, бірнеше адам із-түссіз жоғалып кетті. Ақпараттар бойынша, әншілер бірнеше ұжым мүшесін әлі де іздестіріп жатыр. Олардың қатарында гитарашы, соғымпаз, вокалшының әйелі мен тағы бір адам бар.
Видео кадрларында толқын сахнаны, онымен қоса, әншілерді шайып түсіп, кейін көрермендерге беттейді. Айқай-шу естіледі, сосын видео өшіп қалады. Үрей тудыратын кадрлар әлем БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желілерде лезде тарап кетті.
NEW: Video shows a tsunami crashing into a venue in Indonesia where the band Seventeen was performing https://t.co/4P9zDCRkKC pic.twitter.com/q9RYOaPTt8
— BNO News (@BNONews) 23 декабря 2018 г.
22 желтоқсанда Индонезияның батысындағы Зонд бұғазының жағажайын цунами шайды. Ол Анак-Кракатау аралында жанартау атқылауының салдарынан болған.
Just completed a hi-speed video of yesterdays (22th December) eruptive activity at #Krakatau volcano. A new lava-flow can be seen descending to left of the island. Filmed 47km away from it, only a few hours prior to the #tsunami hitting the coast of Java. @id_magma @infoBMKG pic.twitter.com/VQaFU7pVvQ
— Øystein L. Andersen (@OysteinLAnderse) 23 декабря 2018 г.
Соңғы мәліметтер бойынша, апат салдарынан 222 адам қайтыс болған. 843 адам зардап шеккен және 28 тұрғын із-түссіз жоғалған. Толқын жүздеген үй, ғимарат, көлік жолдары мен инфрақұрылымдарды қиратты.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz