Индонезия коронавирус жұқтырғандарды адам мекендемейтін аралға жібермекші — Қазақстан жаңалықтары

0

Индонезия билігі бұрын Вьетнамнан келген босқындардың лагері болған Галанг аралында SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтырғандар үшін аурухана ұйымдастырмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Билік лагерьден қалған ғимараттарды пайдалану мүмкіндігін зерттеп жатыр: бұрынғы лагерь ауруханасы, логистикалық қызмет көрсету ғимараты және діни ғимараттар. Қазір арал тұрғылықты мекен емес және туристік орын ретінде қызмет етеді.

Жаңа медициналық мекемеде мың адамға дейін орналастыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ аралда карантиндік орталықты салу жоспары да бар.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, әлемдегі жаңа үлгідегі коронавирусты жұқтырғандар саны 95 мың адамнан асты, 3 285 адам қайтыс болды, 53 мыңнан астам адам емделді. Жұқтыру жағдайлары 76 елде тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) SARS-CoV-2 халықаралық таралуының қауіптілік деңгейін өте жоғары деңгейге көтерді.

stan.kz