Қытайдағы коронавирус: індеттен көз жұмғандар саны бір тәулікте артып кетті

0

 

Кеше Қытайдың аурулардың алдын алу және бақылау орталығы 2019-nCoV үлгісіндегі жаңа коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуге кіріскенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қытайдың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті бір тәуліктің ішінде жаңа коронавирустан қайтыс болған адамдардың артқанын мәлімдеді. Құрбандардың саны 80-ге жетті, ал коронавирусты жұқтырғандардың саны 2744 адамды құрады, деп хабарлайды РИА Новости.

«Қазіргі кезде 461 пациент ауыр халде жатыр, 51 адам ауруханадан шықты. Жалпы, ауруға шалдыққандардың саны 5794-ке жетті деген болжам бар. Статистикаға сәйкес, сегіз оқиға Гонконгте тіркелсе, жетеуі Макаода, ал төртеуі Тайваньда болды», – делінген комитеттің ресми мәлімдемесінде.

Коронавирустан қайтыс болғандардың басым бөлімі – Хубэй провинциясының тұрғындары. Ол жерде 76 адам көз жұмды. Ал ауруға шалдыққандардың саны 1 423 жеткен.

Бұған дейін Қытай бойынша 1975 адам жаңа коронавирусты жұқтырды деген ақпарат тараған. Олардың ішінде 56 адам қайтыс болды.

Айта кетейік, кеше Қытайдың аурулардың алдын алу және бақылау орталығы 2019-nCoV үлгісіндегі жаңа коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуге кіріскенін мәлімдеді.

China Daily басылымы таратқан мәліметке сәйкес, орталық мамандары 585 сынама алды. Соның 33-і оң нәтиже көрсетті. Мамандардың сөзіне қарағанда, Ухань қаласындағы теңіз өнімдері сатылатын базардың батыс бөлігінде жабайы жануарлар саудаланған. Дәл осы жануарлар жаңа вирустың таралуына себеп болды. Алайда олардың өздері ауруға қалай тап болғаны әзірге белгісіз.

Қытайдағы коронавирус

Вирус Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында тарала бастады. Желтоқсан айының соңында белгісіз пневмония туралы ақпараттар жарияланды. Кейін билік аурудың қоздырғышы коронавирустың жаңа түрі – 2019-nCoV екенін анықтады. Ол адамнан адамға жұғады. Вирус Ухань қаласынан Қытайдың басқа өңірлеріне, кейін өзге елдерге де жылдам тарап кетті.

Тағы оқыңыз: Коронавирустан қаза тапқандарды өртеп жатқаны рас па?

Бүгінде Ухань қаласында барлық көлік қатынасы тоқтатылды. Қалаға кіріп-шығу шектелді, қоғамдық көлік пен көптеген қалалық нысандардың жұмысы тоқтатылды. Басқа елдер әуежайларда қосымша тексерістер енгізіп жатыр.

Карантин жарияланған қалалар арасында Чиби (534 мың адам), Эчжоу (1,08 миллион адам), Хуанган (7,5 миллион адам), Сяньтао (1,6 миллион адам), Чжицзян (550 мың адам), Цяньцзян (963 мың адам), Хуанши (2,7 миллион адам), Эньши (809 мың адам) мен Сяньнин (2,5 миллион адам) бар.

Әзірге коронавирустан вакцина жоқ. Аурудың белгілері: жоғары температура, жөтел, тыныс алудың қиындауы. Cоңғы мәліметтер бойынша 800-ден астам адам вирус жұқтырып, оның 25-і көз жұмды.

sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз