«Індетке қарсы киім төсек жаймасынан тігіледі» — жалған ақпаратқа денсаулық сақтау басқармасы жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем қызметі қызметкерлерінің өздері бір рет қолданылатын жаймалардан індетке қарсы костюмдер тігуі керек деген ақпаратты жоққа шығарады. Ақпарат ғаламторда тарала бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

вирус италия

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Алматыдағы барлық жедел медициналық көмек бригадалары жеткілікті жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталған! Атап айтсақ, бүгінде қаладағы станция мен қосалқы станцияларда 400-ден астам обаға қарсы қолданылатын киімдер бар», — делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Жедел жәрдем бригадасының жеке қорғаныс құралдары әр қоңырауға сәйкес жаңартылып отырады. Арнайы көліктерді өңдеуге келетін болсақ, бұл процедура санитарлық-эпидемиологиялық ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
 

stan.kz