Індет жұқтырғандар саны артып барады – Тоқаев

0
16

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қалаларда тұрғындар карантин шараларын сақтамай жатқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар карантинді сақтауы үшін үкімет пен жергілікті билік шара қабылдауы керек деп санайды.

«Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады. Үкімет, облыс және қала әкімдері жағдайды реттеуі керек», – деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Ол көпшілік орындарда, қоғамдық көліктерде бетперде тағу міндетті екенін атап өтті.

«Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін нақты шешімдер қабылдау қажет», – деп түйіндеді президент.

Оқи отырыңыз: Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты

Еске сала кетейік, Қазақстанда 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі жарияланып, 11 мамырға дейін созылды. Қалалар мен облыстарда карантин алынған жоқ, бірақ жеңілдетілді.

Коронавирустың таралу қарқынына қарай жергілікті билік карантин шараларын жеңілдету немесе қатаңдату бойынша шешім қабылдап жатыр. Дүйсенбіде COVID-19 індетінің өсімі төмен (2 процентке дейін) өңірлерде сауда және ойын-сауық орталықтары, фитнес-орталықтар мен дәмханалар ашылып жатқаны белгілі болды.



sputniknews.kz