Империялық орыс балеті Нұр-Сұлтанға гастрольмен келеді

0

Гастрольдер атақты театрдың 25-жылдық мерейтойына орайластырылған. Әртістер «Щелкунчик» балетін сахналайды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. Мереке күндері қарсаңында елорда тұрғындары мен қонақтары Империялық орыс балеті әртістерінің өнерін тамашалай алады.

14-15 желтоқсанда мәскеулік әртістер Nomad City Hall сахнасында «Щелкунчик» спектаклін сахналайды.

Мәліметке сәйкес, театр труппасы Қазақстан астанасына толық құраммен келеді. Бүкіл әлемге танымал театр әртістері ерекше костюмдері, декорациялары және қимыл-қозғалыстарымен қуантпақ.


©
Photo : Пресс-служба Имперского Русского Балета

Империялық орыс балетінің өнері

Бұл қойылымдар Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен көрермен назарына ұсынылады. Олар «Империялық орыс балетіне 25 жыл» атты меретойлық әлемдік турының бір бөлігі саналады. Сапар Испания, Бразилия, Қытай, Санкт-Петербург, Болгария, Беларусь, Австралия, Жаңа Зеландия мен Қазақстанға гастрольдерді қамтиды.

Империялық орыс балетінің тарихы

Империялық орыс балетін құру идеясы 25 жыл бұрын Жапонияда Майя Плисецкаяның мерейтойылық концерттерін өткізу кезінде пайда болған.

Бүгінгі күні ұжым әлемдік балет жұлдыздарымен әріптестік орнатқан. Жиі гастрольге шығады, әлемнің үздік сахналарында өнер көрсетіп келеді.



sputniknews.kz