Иманғали Тасмағамбетов Арменияны ұйымға «мүше болу-болмауына» қатысты шешім қабылдауға шақырды

0

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Бас хатшысы Арменияны «мүше болу немесе болмау» туралы шешім қабылдауға шақырды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов ұйымның Армения әскери-саяси блоктағы болашақ мәртебесін ресми түрде нақтылайды деп күтетінін жеткізді.

«Арменияның саяси басшылығы жағдайды түсіндіріп, ұйымға кіру немесе кірмеу туралы ресми шешім шығарады деп күтеміз», – деді Тасмағамбетов.Тасмағамбетовтың айтуынша, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Армения алдындағы барлық міндеттемелерін сақтайды, республика ұйымның одақтасы болып қала береді.

«Армения біздің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы бойынша одақтасымыз болды және Армения алдындағы барлық міндеттемелеріміз сақталады. Бірақ ұйымға мүше болу мәселесі – елдің егемендік құқығы әрі шешімі», – деді Тасмағамбетов.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ереванның құрылыммен қарым-қатынасының келешегін айқындайды деп күтеді, деді Тасмағамбетов.

Еске салсақ, бұған дейін Армения билігі 2024 жылы ҰҚШҰ қызметін қаржыландыруға қатыспау туралы шешім қабылдағаны туралы жазған едік. 12 маусымда Армения премьер-министрі Никол Пашинян парламент отырысында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан (ҰҚШҰ) шығатынын хабарлаған еді.