Иманбектің жаңа ремиксін желіде 11 миллион адам тыңдады

0

Иманбек пен Моргенштерннің жаңа трегі тыңдармандардың көңілінен шықты, деп хабарлайды ЭК.

Бірлесіп шығарған ремиксі «Leck» деп аталады. Жаңа туындыны YouTube-те 11 миллион адам тыңдап үлгерген. Оны желіге жақында жариялаған.

20 жастағы диджей Иманбек Зайкенов — «Грэмми» сыйлығын алған алғашқы отандасымыз.