Иманбектің отау құрғаны рас па: Желіде тойдағы суреттер мен видеолар пайда болды
Грэмми сыйлығының иегері қазақстандық Иманбек Зейнеков отау құрды. Әлеуметтік желіде тойдағы суреттер мен видеолар пайда болды. Фото мен видеоларды Facebook әлеуметтік желісінде Бауржан Джансеитов атты оқырман жариялады.
«Енді біз құдалармыз. Біздің Айшабибі мен Иманбектің тойы болды!» — деді ол. Кадрдан қыз ұзату тойы болып жатқанын, Иманбектің күйеу жігіт болып гүл шоқтарымен ортада бой көрсеткенін аңғару қиын емес. Бұны көрген оқырмандары екі жасты өміріндегі ең айтулы күнмен құттықтады. «Бақытты болыңдар», «Ұстасқан қолдарың ажырамасын», «Өте әдемі жұп», «Иманбектің қалыңдығы өте сұлу екен», «Көркіне ақылы сай ару секілді», «Иманбек үшін қуаныштымын», — деді олар.