Иманбек Зейкенов жерлесі Скриптонитті ренжітіп алғанын мойындайды (видео)

0
Диджей Иманбек Зейкеновке белгілі рэпер Скриптониттің соңғы шыққан трегі ұнамай қалған. Оны Иманбек өзіне ашық айтқан, деп хабарлайды kznews.kz

Жақында Иманбек рэпер Скриптониттің «Үйде» атты трегіне ремикс жазған. Тректі жазған соң, оны екеуі Скриптониттің «ВКонтакте» әлеуметтік желісіне жариялаған. Алайда бірнеше күн бұрын әнді рэпер парақшасынан алып тастаған. Зейкенов оны Скриптониттің өзі алып тастағанын жоққа шығармайды.

Бұл трек жәй жазылған еді. Мен Әділмен аса таныс емеспін. Ол менің ашық айтқан пікіріме ренжуі мүмкін,

— деді Иманбек Зейкенов.