Imanbek «Грэмми» сыйлығын алды (видео)

0

Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтің(Imanbek) америкалық орындаушы SAINt JHN-дің «Roses» әнініне жазған ремиксі «Грэмми» алды.

63-ші «Грэмми» марапаттау рәсімі онлайн режимінде өтті. Грэммиге ұсынылған алғашқы қазақстандық болған Иманбек марапатқа ие болды.

«Достар, мен неге бақытты деп ойлайсыңдар? «Грэмми» біздікі.

Музыканттың мансабындағы ең әдемі нәрсе — Grammy-ді жеңу, біз оны жасадық!, — деді ол. Imanbek-ке  «Үздік ремикс» үшін берілетін Грэммиді Ұлттық дыбыс жазу өнері және ғылым академиясы табыстады.

«Анама рақмет, әкеме рақмет, командама рақмет, менеджерім Кирилге рақмет, Грэммиге рақмет», — деді Imanbek.

https://youtu.be/Du4WMOS2-sA

 

View this post on Instagram

 

A post shared by Imanbek Musiс (@imanbekmusic)