Имамдар 4 жыл контейнерде тұрған мұғалімге 3 бөлмелі үй сыйлады

0
3

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елорда іргесіндегі Қоянды ауылының тұрғыны Мая Цопонқызына үш бөлмелі үйдің кілтін табыстады.

Бұл туралы Мүфтиятқа сілтеме жасап KzNews.kz хабарлайды.

Басқарманың мәліметінше, төрт жылдан бері 40 тонналық темір контейнерде тұрып келген мектеп мұғалімі жаңа үйге қоныстанған. Басқармаға қарасты «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Нұр-Сұлтан өкілдігінің ұйытқы болуымен 279-шы баспананың кілті Мая Цопонқызына төл мерекесінде жасалған теңдессіз сыйлық болды.

Осыдан төрт жыл бұрын жұбайы Әскер Калемханұлы басынан жарақат алып, еңбекке жарамсыз болып қалғалы отбасы темір контейнерді паналап келген болатын.

Сырқат күйеуі мен екі баласын асырау оңайға соқпаса да, Қоянды мектебіндегі ұстаздық қызметінен қол үзбеген.

Қиындықпен жалғыз алысқан қайсар жанға құрмет ретінде Ұстаздар күніне орайластырылып, Калемхановтар отбасына тосынсый жасалды Игілікті шараға белгілі тележүргізуші, сенатор Дана Нұржігіт арнайы қатысып, мектеп мұғалімінің қуанышымен бөлісіп қайтты.

Жаңа баспанада жайылған дастархан басында ізгі тілектер айтылып, қазақы дәстүрге сай жаңа шаңыраққа қажетті сыйлықтар тарту етілді.

Игі шараға демеушілік танытып, сүттей ұйыған бір отбасының бақытты болуына септігін тигізген Ерлік Хайдарұлы бастаған ел ағалары да қуаныштың басынан табылып, ізгі тілектерін білдірді.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз